Еңбек адамы Айдарбекова Ажар

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер — бұл жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi.
Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң қызметiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медицина ұйымдарында, сондай-ақ жеке практика тәртiбiмен жүзеге асыра алады. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгерге халықты тiркеу дәрiгердiң еркiн таңдауы негiзiнде жүзеге асырылады.

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң негiзгi мiндеттерi:
1) неғұрлым кең тараған аурулар мен жарақаттарға тиiсiнше диагноз қою, емдеу және оңалту;
2) негiзгi инфекциялық ауруларға қарсы иммундау шаралары;
3) эндемикалық және басым инфекциялық аурулар профилактикасы және олармен күрес;
4) ана мен баланың денсаулығын қорғау, соның iшiнде отбасын жоспарлау мәселелерi;
5) гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
6) сапалы тамақ өнiмдерiмен жабдықтауға жәрдем көрсету және ұтымды тамақтану жөнiнде ұсыныс жасау;
7) сапасы жақсы сумен жабдықтауға және негiзгi санитарлық шаралар жүргiзуге жәрдем көрсету;
8) дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрi-дәрмек формулярына және емдеудiң осы заманғы хаттамаларына сәйкес ұтымды тағайындау және пайдалану болып табылады.

Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер:
1) тiркелген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң ұйымдастырылуы мен сапасы;
2) қаржы және есеп-есеп беру құжаттамаларының растығы:
3) осы Ережеде көзделген міндеттердің тиісінше орындалмағаны үшiн жауап бередi.

Болашақ мамандығын таңдау – біздің өмір жолындағы ең маңызды шешімдердің бірі. Бірақ адамның мінез-құлқына және оның қалауына сәйкес келетін, шынымен ұнамды, рахат әкелетін бизнесті таңдау өте қиын. Кейбіреулер университетте бес-алты жыл оқып, ақыры өзін бақытты әрі қаржылық жағынан қауіпсіз ететін кәсіпті таңдамағанын түсінеді. Сондықтан болашақ мамандықты таңдауға өте, өте байыппен қарау керек.

Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді және инъекция немесе басқа көмек алған соң, олар міндетті түрде жақсарады. Бірақ шынымен нағыз дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, өйткені менің көмегімнің нәтижесі дәрігер ретінде не істеу керектігін қаншалықты жақсы білетініме байланысты болады. Бір таблетка немесе бір рет дұрыс емес инъекция менің болашағымды ғана емес, адамдардың дәрігерлердің көмегіне деген сенімін де жояды.

Кейіпкер: Айдарбекова Ажар Джолдасбекқызы1982 ж 30 тамызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1988 жыпы Түркістан қаласы Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта мектепке барған, 1999 жылы сол мектепті тәмәмдаған. Сосын Түркістан медицина колледжінде 3 жып білім алған. 2001 жылы оқуын жалғастыру мақсатында, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ға құжаттарын тапсырған. 2008 жылы жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша диплом алып шыққан. 2008 жылы Шорнақ ауылдық емханасына жалпы тәжірибелі дәрігер болып орналасқан. Сол жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр, жалпы еңбек өтілі 15 жыл. Жанұялы, 2 ұл, 2 қыздың анасы.

Екі әпкесі анасының жолын қуып, мұғалім болған, інісі теміржолшы. Әкесі біздің әулетке де бір медицинадан хабары бар маман керек деген. Осылайша кейіпкеріміз дәрігер болған.

Медициналық колледжде оқып жүрген кездерін де киындықтарға кезікпеген, бірақ университетте біраз қиындықтар болған. Емтихан тапсыратын кездерде, неге басқа мамандыққа түсе салмады? Анам сияқты мұғалім бола салуым керек пе еді? Деген ойлар да келген екен.

Ажар ханым «негізі өзің оқымаған, жұмыс істемеген сала оңай болып көрінеді ғой. Мағанда баска мамандықта оқитындардың сабактары аз, оңай болып көрінетін» — дейді.

Кейіпкеріміздің сөзіне сенетін болса, егер бұл мамандықты таңдамағанда, қазір теміржол саласына кететін еді, жас кезінен сол салаға аздап болсын

қызығушылығы бар екен. Мектептегі мұғалімдеріде сен тік мінезді кызсың, сол салада жұмыс жасау колыннан келеді негізі деп айткан сәттері де болыпты.

Өмірлік ұстазыңыз ретінде кімді көресіз? Деген сұрақты жолдаған едік, бірден анамды деп жауапберді. Анамнан үлгі-өнеге аламын, әлі үйренетінім көп дейді. Ал, болашакта медицина саласын тандаймын деп отырған талапкерлерге, шыдамды, сабырлы, адал болындар, істеп жатканжұмыстарынызды барынша ықыласпен орынданыздар деп кеңестерін берді.

Медицина әрқашан адам қызметінің танымал саласы болды, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурстардың дәстүрлі түрде жоғары болуы кездейсоқ емес. Жақсы оқуға деген ынта-жігерім осы.

Дәрігер батыл болу керек. Өйткені, деструктивті індет күшейген жерге ол бірінші барады. Ол өзі өлімге әкелетін ауруды жұқтыруы мүмкін мұндай науқастарға қамқорлық жасаудан қорықпауы керек.

Бұған мысал ретінде И.С.Тургеневтің «Әкелер мен ұлдар» романындағы Евгений Базаровтың бейнесін келтіруге болады.Базаров әкесіне барып, дәрігердің көмегіне мұқтаждардың барлығын емдей бастайды. Соңында мәйітте жаттығуіш сүзегі науқас, Евгений саусағын жарақаттап, қан уланды, нәтижесінде ол қайтыс болды.

Болашақ дәрігер сабырлы, түсіністікті, мейірімді болуы керек. Пациенттер әртүрлі кездеседі, бірақ бәрімен өте сыпайы болу керек. Дәрігердің күнделікті жұмысы өте қиын – күн сайын біреудің тағдырына әсер ететін шешімдер қабылдауға тура келеді.

Дәрігер – ұлттан тыс, саясаттан тыс, уақыттан тыс адам. Нағыз дәрігер үшін жаман немесе жақсы адам, кедей немесе бай, адал немесе қылмыскер болмайды. Егер ер адамға көмек керек болса, оны алады, өйткені оның алдында дәрігер болады.

Дәрігер тез шешім қабылдай білуі керек және бұл шешім үшін жауапкершіліктен қорықпауы керек..

Кейде дәрігерлер науқастармен өледі деп естідім. Әрине, адамға қандай да бір жолмен көмектесе алмасаңыз, бұл өте қиын, сіздің алдыңызда кішкентай пациент болғанда оны түсіну әлдеқайда қиын! Кейбіреулер дəрігердің нервтері «болат» болуы керек, сезімталдықты үйреніңіз дейді… Мен бұған келіспеймін! Өйткені, кейде жұмсақ сөздің өзі емшіге айналады. Адамның мұңын, қасіретін сезіну – дәрігердің ең биік мақсаты!