Еңбек адамы Жолдасова Сара

Кейіпкер: Жолдасова Сара Елшібекқызы 1967 жылы Үшқайық ауылдық округінде дүниеге келген. 1984-1987 жыллар аалығында Түркістан қаласындағы Түркістан медицина учелищесінде білім алған. Еңбек жолын 1987 жылы Түркістан қаласындағы жедел жәрдем бөлімінде бастаған. Ол жерде 6 жыл жұмыс істеп, 1994 жылдан бері Сауран аудандық емханасында жұмыс істеп келе жатыр. 1994-2004 жылға дейін осы емханада жұқпалы ауруларға қарсы екпе егу бөлімінде медбике болып қызмет атқарған. 2004-2019 жылға дейін аймақтық медбике болып жұмыс істеген. Ал 2019 жылдан, осы күнге дейін салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінде медбике қызметін атқарады. Жалпы еңбек өтілі 35 жыл.

Осы салаға өз қызығушылығымен келген, әкесінің денсаулығы нашар болған, көп ауырып қала береген екен, содан кейін кейіпкеріміз, мен дәрігер боламын, әкемді емдеп, жазамын, басқа да жандарға көмек қолымды созамын деп, ниеттенген екен. Бұл жолды таңдағанына еш уақытта өкінген емес, адамдарды емдесем, олардың дертіне дауа бола алсам, өзімді ең бақытты адам ретінде сезінемін дейді, Сара ханым.

Ал, болашақта осы саланың маманы болам деушілерге, білім алыңдар, ізденіңдер, осы саланы сүйіңдер, көп адамдармен коммуникация орнатып үйреніңдер, жан-жақты дамыңдар деп, кеңес берді!

Сонымен осындай тиімді тілдесу мейірбикенің кәсіби тәжірибелілігін, жеке басының адамгершілігін, іскерлігін көрсетеді. Әртүрлі  әдістерді дұрыс пайдалана отырып науқаспен тіл табысу мейірбикеге үлкен бедел, зор құрмет және сенім әкеледі.

Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым –қатынасқа кіреді.Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек.Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған әдептілікті талап етеді.Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудырады және психикалық жүйкесімен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін мед қызметкерлер есепке алуы керек.Мед қызметкерлер науқастың жазылмас дерт ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек.Бірақ,олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін,сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтық пен әдептілікті білдіру керек.Науқастың жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек.Келісушілермен сөйлесер алдында дәрігермен ақылдасып алуы керек,ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын,не хабарламауын сұрау керек.Әсіресе,телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек.Байсалды,әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады.Телефон арқылы сөйлескенде медбике өзінің аты-жөнін ,мамандығын,бөлімін айтуы керек.Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді.Мұндай ұсыныстарды сыпайы,бірақ анық түрде қайыру керек.

Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады,сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері болады.Дәрігер науқасты емдейді,мейірбике күтеді.Қоғамның мейірбикеге деген көзқарасын адамға деген көзқарас деп санауға болады.Бұл жерде үйлесімге жету өте маңызды.Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс-әрекетінің негізі ретінде кез-келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейірбикелік істегі үздіксіз прогрессті қолдау антын қояды.

«Лауазымдары: бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас медициналық мейірбике, мейірбикелік күтім ауруханасының,  хоспистың, денсаулық пунктінің меңгерушісі,  Емдік-профилактикалық бөлімшелерінің аға медициналық мейірбикесі, медицина колледждерінде мейірбике ісі мамандарын даярлау бойынша оқытушы.

Жұмысқа орналасатын жерлері: ауруханалар, емханалар,хоспистер, денсаулық пункттері, әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі медпункттер, медицина колледждері.(1 – суреті қараңыз)

Қызметі:

  • дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
  • дәрігерлерге операция жүргізу кезінде көмекші болу;
  • ауруханалардағы және емханалардағы ауруларды күту;
  • дәрі егу және артериалдық қысымды өлшеу, ауруларға дәрі беру сияқты медициналық ем-шараларды орындау;
  • медициналық құжаттамалармен жұмыс істеу (рецепттер, анықтамалар

«Берілген суретте мейірбикенің жұмыс жасау орындары тізілген.

Бағдар беруші пәндер:

 

  • Анатомия
  • Физиология
  • Жалпы патология негіздері
  • Микробиология
  • Денсаулық ахуалына баға беру
  • Фармакология негіздері
  • Мейірбике ісінің негіздері
  • Мейірбике ісіндегі менеджмент

Елбасымыздың 17.01.2014 жылғы «Қазақстанжолы-2050 бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы мен бастағымыз келеді. Халықтың денсаулығын үнемі бірінші орынға қойып келе жатқан  Елбасымыз осы Жолдауында да медицина саласын дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайтып, дені сау ұлт болуға үндеді. Осы орайда, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға өсетіндігі және негізгі басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту керегін алға тартқан болатын. Азаматтардың медициналық жеке сақтандыруға көшуіден  саулық сақтау саласындағы тың өзгерістің бірі болып отыр.»/17/ Қазақстандықтар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, жиі профилактикалық тексерілуден өтіп тұрса, сонда елімізде өлім-жітім саны азайып, дені сау ұлт қалыптасуына мүмкіндік туатынын атап айтқан болатын.

Жалпы бүгінгі тақырыбымыздың өзі мейірбике рөлінің маңызы туралы болғандықтан,мейірбике ісі мамандығы туралы айтпақшымыз. «1936 жылы мейірбике, акушерлік, фельдшерлік бөлімдерден тұратын фельдшерлік-акушерлік мектептер болып ашылды. Содан бері медицина мамандарын даярлаудың сапасын жоғарылату үшін оқытудың  негізгі әдістерін ғылыми негізінде енгізіп, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданып келеміз.»/14/

Ұлт болашағы бүгінгі студенттердің білімі мен біліктілігіне, санасымен тәрбиелілігіне байланысты. Сондықтан студенттердің жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналыда,тәрбиелі,саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделік  деңгейі жоғары болуы үшін, оқытушылар(медициналық) аянбай еңбек етуде. Өздерінің еңбегінің нәтижесін көрсетуде. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тиімділігімен сапасын арттыру, оқу үрдісінің  ғылыми теорияға негізделген таңдамалы белсенді әдістеріне көшуді талап етуде. Қазіргі күннің басты мақсаты-денсаулық сақтау саласында-білімді де білікті мамандар даярлау.Қазіргі уақытта орта буындағы мамандарға талап өте жоғары. Олар арнайы кәсіби маман, тәжірбиелік дағдыларды меңгерген болуы керек. Мамандыққа деген дағдысын дағдыландыру, медперсоналдың сырқаттармен қарым-қатынас мәдениеттілігіне көңіл бөлу, қайырымдылық, құрметтеу, аяушылық ізгілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы студенттердің өз таңдаған мамандығының адам арашасы екенін санасына жеткізе білу.

Медбике мамандығының мәр­тебесін арттыру барысында әрине еліміздегі медициналық университеттермен колледждер арасында курстар, семинарлар, ғылыми- практикалық конференциялар, байқаулар арқылы өз біліктіліктерін, кәсіби, тәжірибелерінбөлісіпотырады. Ел игілігі үшін қызмет жасайтын орта буынды медицина мамандарын дайындау бұл өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтанда ертеңгі күннің еншісінде біздің берген білім өзін жоғары сапа ретінде дәлелдеуі керек, ал білімнің терең болуы үшін оқу мен тәрбиенің шынайы да талапты түрде берілуі қажет.

«Оқу орындары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды. Студенттердің мамандығы бойынша бейімделуіне басты назар аударылады.Бұл әрине студенттеріміздің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту  мақсатында және оқытушылардың жетекшілігі мен сту­денттер түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен айналысуына ықпал етеді.»/15/ Соңғы уақытта медбике ісінің өзекті тақырыптары бойынша республикалық деңгейде онлайн конференциялар өтуде, оған оқытушылармен бірге студенттер де белсене қатысады.

Қазіргі нарық талабы да медбикелерден жоғары қабілеттілікті, кәсіби коммуникацияны және қатынас мәдениетін талап етеді. Нарықтық қатынастардың үздіксіз дамуы осы мамандарға тұрғындармен ғана емес, сонымен қатар басшыларымен де тиімді қарым-қатынас жасауды қажететеді. Коммуникативті дағдылар қазіргі медбикелердің кәсіби деңгейін көтеруге көмектеседі.

«Басқа пәндерін оқумен қатар, коммуникативті дағдылар негіздерін меңгеру болашақ мамандардың басқаруларымен, дәрігерлермен және тұрғындармен қарым-қатынас жасай отырып әртүрлі гигиеналық шараларды ұйымдастыруда этика және деонтология бойынша болашақ мамандардың білім, іскерлікпен дағдыны меңгеру мүмкіндігін арттыруына жағдай жасайды. Осы айтылғандардың барлығы студенттер үшін мынаны талап етеді:

  • медицина қызметкерлерімен, ұйымдармен мекеме қызметкерлерімен тиімді қарым – қатынас жасаудың принциптерін;
  • медицина қызметкерлерімен, ұжым мен мекеме қызметкерлері мен нәтижелі қарым – қатынас жасаудың тиімді жолын талдап, қолдануын;
  • медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен жасайтын қарым – қатынастың тиімді әдістерін қолдануын;
  • медицина қызметкерлерінің, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ыңғайлылық және қауіпсіздігіне көңіл бөлуін қадағалайды.