Еңбек адамы Әмірова Алтынай

Дәрігерлерді халқымыз әдетте «ақ халатты абзал жандар» деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш — жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Қоғам дамуының маңызды саласы – денсаулық сақтауЕл Тәуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан медицинасының өзіндік тарихы қалыптасты. Рас, Кеңес Одағы тараған соң денсаулық сақтау саласы да қалыпты үдерісінен жаңылып, біраз қиындықты бастан өткізді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты көптеген білікті дәрігер күнкөрістің қамымен басқа салаға кетті. Өз тарихи Отанына қоныс аударған ақ халаттылар да кездесті. Салада маман тапшылығы сезіле бастады. Бұл жағдай халықтың, әсіресе ана мен бала денсаулығының біршама құлдырауына алып келді. Осындай қиындықтарды жеңу үшін 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің VII сессиясында Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Халықтың денсаулығын сақтау туралы» заң қабылданды.

Кейіпкер  Әмірова Алтынай Оралханқызы 1992 жылы Сарағаш ауданы Тегісжол ауылында дүниеге келген. #34 “Шоқан Уалиханов атындағы” жалпы орта мектепті тәмәмдаған. 2010 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-не оқуға қабылданған, бұл жерде 7 жыл білім алған. 2017 жылы Шорнақ ауылдық (Қазір Сауран аудандық) емханасына жалпы тәжірибелі дәрігер ретінде жұмысқа орналасқан. Жалпы еңбек өтілі 6 жыл.

Бұл салаға өзі армандап, қалап түскен. Кішкентай кезінде ата-анасы көп ауыра беретін болған, соларды көріп, өскенде дәрігер болам, отбасымда біреу ауырып қалса, өзім емдеймін деп, армандаған. Егер бұл саланы таңдамағанда, қазір математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаратын еді, атасы математика пәнінің мұғалімі екен. Бірақ өзі бұл мамандықты таңдағанына өкінбейтінін айтты.

Бүгінгі таңда медицина саласы өте жоғары деңгейде даму үстінде. Әр халық өзінің дәстүрлі дәрігерлігіне де ерекше мән беріп, оны әлемдік медицина ғылымымен ұштасыруға барын салып отыр. Шыны керек қазір шығыс медицинансы деген атау науқасына шипа іздеген көптеген жанды өзіне тартып жүргені мәлім. Израиль, Германия, Қытай елдерінің медицинасы да жақсы сұранысқа ие. Қазақстан медицинасы да жүйелі даму жолына қадам басуда.

Кейіпкер:

«Бүгінгі таңда медицина саласы қарқынды түрде дамып келеді, кадрлар да тапшы емес, ендігі кезекте осы саланы таңдап, болашақта жұмыс жасайтын жастарымызға, сабарлы, ізденімпаз, білімді де, төзімді болыңдар деп, кеңес беремін!» — дейді.

Өмірлік ұстанымы адамгершілікті бірінші орынға қою, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты іздену, сабырлы болу және халыққа адал қызмет ету!

Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат!