Зообақта тоғыз табиғи аймақ құрылысы салынады

Шымкент зообағына тоғыз табиғи аймақ құрылысын салуға бюджеттен 680 миллион теңге қарастырылған. Осы жылы бұл қаражаттың 300 млн теңгесі бөлінген.

Қазіргі таңда, гиббон аралының жобасы жасалуда. Оның айналасында құстар мекендейтін тоған болмақ. Паркте сонымен қатар ашық аспан астында 7 гектарға созылған «Азия аумағында» жыртқыш жануарларға орын бөлінеді.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері зообақты 420 мың адам тамашалаған. Бұл мекеменің тарихында орын алған алғашқы жағдай. Зообақтағы жаңа жобалар аяқталысымен келушілер саны бір миллионға жетеді деген жоспар бар. Қазір мекемеге кіру бағасы – 22 теңге 69 тиын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *