«ERNIYAZ FOTOBOOK» есігін ашты

Шымкент қаласында А.Асқаров көшесіндегі 3-74 мекен-жайында «ERNIYAZ FOTOBOOK» цифрлы фото орталығы ашылды.
 
Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыстық мәслихат депутаты Әсет Қайыпбеков, «Қазақ радиосының» директоры Мəди Манатбек, белгілі журналист Шыңғыс Мұқан, «ERNIYAZ» медиахолдингінің басшысы Ербол Дайраш және БАҚ өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Толықтай жаңа үлгідегі құрылғылармен қамтамасыз етілген орталықта сапалы сурет кітапшалары, фото альбомдар, тойға, құжаттарға арналған суреттер шығаралатын болады.
– Негізгі құрылғы Жапониядан алынды. Бұл жоғары сападағы суреттерді шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда орталықта 3 адам қызмет етеді. Алдағы уақытта олардың санын арттыру қарастырылған, – дейді орталық директоры Еркебұлан Абдуллаев.
Тел: 8707 585 77 02
8(7252) 56 05 98
erniyazbook
http://shymkala.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *