«Өзі өнеге, сөзі  ғибрат марқасқа тұлға» атты  тұлға кеші ұйымдастырылды

Ел жадында ерекше сақталатын есімдер болады. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес өз қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Ұлы Абай айтқандай ақыл, қайрат пен жылы жүрек үшеуін бірдей ұстаған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға.

Осы орайда, Түркістан қалалық №11 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен бүкіл әлемге қазақ халқын танытқан кемеңгер тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы  Қонаевтың  туғанына 110 жыл толуына орай «Өзі өнеге, сөзі  ғибрат марқасқа тұлға» атты  тұлға кеші ұйымдастырылды. Халқымыздың біртуар перзенті, есімі дүние жүзіне мәшhүр болған аса көрнекті  мемлекет  қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі ұрпаққа үлгі, заманның заңғар тұлғасына арналған рухани жаңғырудың негізін көздеген тұлға кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары  қатысты.

Іс-шарада Д.Қонаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, кейбір саяси және құқықтық көзқарастары, Мемлекет басшысының саяси таланты туралы естеліктерімен бөлісті. Оның өмірі мен көп қырлы қызметі Қазақстанның ұлы дәуірінің символына айналды.

Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.

Ұзақ жылдар бойы елімізді басқарып, экономикамыздың өркендеуін, мәдениетіміздің гүлденуіне, халқымыздың тұрмыс дәрежесінің жақсаруына еңбек еткендігі жайлы, жыл өткен сайын  кемеңгер тұлғаның бейнесі асқақтай түсетіні айтылды. Кітапхана оқырмандары қанатты сөздерін, естелік өсиеттерін жатқа айтты.

Сонымен қатар №8 кітапхана-филиалы «Заманымыздың ұлы тұлғасы»  танымдық сағаты, №5 кітапхана-филиалы «Ұлт перзенті» атты портреттік кеш, №7 кітапхана-филиалы «Кемеңгер көсемімсің ту ұстаған» атты тарихи танымдық сағат, №9 кітапхана-филиалы  «Ұлт перзенті» атты тарихи кеш болып өтті.