Отбасы – Отанның тірегі

Түркістан қалалық  №7 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Отбасымен кітап оқы» тақырыбында байқау өтті. Сайысқа  5-6-7 сынып оқушылары  ата-аналарымен Каримова Салтанат, Пернебай Гүлжайна, Жұмабек  Жамила қатысты. Сайыстың бірінші кезеңі қазақ балалар әдебиетінің жазушысы Б.Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа», Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», «Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңі шығармадағы кейіпкерлердің жағымды-жағымсыз образдарын талдады. Шараға қатысқан отбасылық оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, қалалық №6 кітапхана- филиалының   ұйымдастыруымен  Отбасы күніне орай «Отбасы-Отан тірегі»   атты өнеге кеші болып өтті. Мақсаты оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. 6 «ә» сынып оқушысы Алим Улуғбек «Ана» туралы әнін тарту етті. Оқырмандар «Отбасы-шабыт көзі» атты кітап көрмесімен танысты.