ЖЫЛ БОЙЫ АҚЫ ТӨЛЕГЕН СМАРТФОНЫ ІСТЕН ШЫҚҚАН…

 

1 жыл ақы төлеген ұялы телефон істен шыққан. Семейлік келіншек Шымкенттен смартфон аламын деп сан соғып қала жаздапты. Бұл туралы Шымкент қалалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бәрі бір жыл бұрын басталған. Семейлік әйел Iphone 12 Pro Max маркалы телефонды интернет-дүкен арқылы тапсырыс береді. Ақысын бөліп төлеуге алады. 12 ай өтіп, келіншек 565 мың теңге құйып біткен соң, гаджет істен шығып, сөніп қалыпты. Нәтижесінде IMEI-кодты бір компания бұғаттап тастағаны белгілі болады. Қ есімді келіншек Шымкент қалалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жүгінеді. Олар өз кезегінде интернет-дүкенге хабарлама жіберіп, кәсіпкер тұтынушының қаражатын толық қайтарып берген.
«Каспи арқылы төлеген, 1 жыл өткен соң, IMEI-коды блокталып қалған. Ал бізде заңда көрсетілгендей, егер ұялы телефонға берілген кепілдік мерзімі өтпес бұрын, бұзылса, тұтынушының талап-арызын сатушы орындауға міндетті. Бұл жағдайда, заң талаптары сақталып, құн өтеліп отыр», — дейді Шымкент қалалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшы орынбасарының м.у.а
Департаменттегілер әрбір тұрғыннан өз құқығын білуге, жөнсіз жарнаманың арбауына түспеуге шақырады.