ЖАЙЛАУ КҮНІНДЕ ОҚУШЫЛАР 1000-ҒА ЖУЫҚ ҚҰС ҰЯСЫН ЖАСАДЫ

Әз Наурыздың Жайлау күні қарсаңында шымкенттіктер қоршаған ортаға, табиғатқа көңіл бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.

Атап айтар болсақ, тұрғындар көшелер мен аулаларды тазартып, көшеттер, гүлдер отырғызып қаланы көріктендіруге атсалысуда.

Сонымен қоса, Арбат алаңында қалалық білім басқармасы мен мемлекеттік зоологиялық саябағы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Табиғатты аялауға шақыратын игі шарада көпшілік жергілікті білім ұйымдарының оқушылары дайындаған 1000-ға жуық құс ұялары мен ерекше құстарды тамашалады. Іс шара аясында ұйымдастырылған мерекелік ойындарға қатысқан белсенді тұрғындарға сыйлықтар таратылды.
Айта кетейік, игі бастамалар ертең дендросаябақта жалғасады. Еріктілер ұяларды орнатып, табиғат көркі-құстарға қамқорлық көрсетеді.