«SHYMKENT INVESTMENT — 2023» ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 21 наурызында Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтеді.

Форум оңтүстік өңірлерінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының инвестициялық тартымдылығымен және экономикалық даму әлеуетімен танысуға мүмкіндік береді.
Форумға әлемнің 20 елінен халықаралық дәрежедегі бизнесмендер мен Қазақстанның табысты кәсіпкерлері, орталық мемлекеттік органдардың , ұлттық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, 20-21 наурыз аралығында Көрме орталығында , оңтүстік өңірлердің тауар өндірушілерінің өңіраралық көрме-жәрмеңкесі өтеді. Онда 100-ден астам танымал отандық компаниялар өз өнімдерін ұсынады.