ТАЖИЕВАНЫҢ ҚАТЕЛІГІ …

Шымкент қаласының білім бөліміндегі мамандар өз қызметтеріне лайықты ма? Басым бөлігі мұғалімдер қауымынан жиналған, білімге жауапты сала мамандары сауатсыз дегенге сенгіміз келмейді. Бұлай дейтін себебіміз, білім бөліміне кіре берістегі ілінген тақтайшадағы орысша сөзде үлкен қате бар. Орыс тілінде қала атаулары қосымшасыз жазылуы тиіс. Ал, мұнда былайша жазылған «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТА» ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ.

Бұл жағдайға байланысты қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев:

«Шаһарымызда білім ошақтары да, білікті ұстаздар да баршылық. Дегенмен Шымкент қаласының бас ұстазы Жанат Тажиева басшылық ететін білім бөлімінде аталған қате бары рас. Жанат Арысбекқызы мектеп директорлары мен оқушыларға қандай үлгі береді? Орыс тілі пәнінен сабақ беретін қаншама білікті ұстаз бар. Ол аз болса, жекеменшік білім ошақтарында жоғары санатты орыс тілі пәнінің мұғалімдері қаншама. Сонда бірде-бір ұстаз осы уақытқа дейін қатені көрмегені ме әлде білім бөлімінің басшысына «мынау қате деп ойлаймын» деп айта алмағаны ма?», — деді халық қалаулысы.

Расында, білім саласына жауапты мамандар жұмыс істейтін мекемеде мұндай қате болғаны түсініксіз жағдай екен.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет».
Шоқан Уәлиханов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *