ТҮРКИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ: ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 900-ДЕН АСТЫ

Түркиядағы алапат жер сілкінісі құрбандарының саны 900 адамнан асты. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түркия президентінің айтуынша, осы уақытқа дейін 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алған. 2470 адам құтқарылған. Ердоған қаза тапқандардың түпкілікті санын болжау қиын екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ әртүрлі қалаларда 2818 ғимараттың құлағанын хабарлады.

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер сілкінісі 1939 жылғы Эрзинджань жер сілкінісінен бері Түркия тарихындағы ең үлкен апат болды. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны 912-ге жетті», — деді Ердоған.

дереккөз: Tengrinews.kz.