ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА МАҚТА АЛҚАПТАРЫНДА ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүруде.
Биыл ауданда 7122 га мақта дақылы егілді. Атап айтар болсақ, Төрткөл а/о — 4385 га; Бөген а/о — 1500 га; Қарақұм а/о — 317га; Жеңіс а/о — 920га.
Қазіргі таңда 1055 гектар (15%) жерден 3059,5 тонна өнім жиналып, орташа түсімі 29 ц/га жетті.
Аудан бойынша мақта теріміне 35 бірлік комбайн жұмылдырылған. Сондай-ақ 12 мақта қабылдау панкты бар. Олар: Төрткөлде — 7 ; Бөген — 3; Жеңісте — 2.