Түркістан облысында рекордтық 10 мың тонна уран өндірілді

 

Түркістан облысындағы «Қазатомпром» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы, атап айтқанда «АППАК» ЖШС 2021 жылы рекордтық дайын өнім — 10 000 тонна уран шығарды.
Уранның өндірісімен айналысатын Қазақстан-Жапония бірлескен кәсіпорны 2005 жылы құрылды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында кәсіпорын 10 мың тонна мерейтойлық өнімнің жетістігін атап өтеді.
Айта кетейік, 2011 жылы кәсіпорын 1000 тоннаға, 2015 жылы — 5000 тоннаға, 2021 жылы – 10 000 тоннаға жетті, яғни 10 жыл ішінде өндіріс 10 есеге өсті.
Уран өндіру ең озық, үнемді, қауіпсіз және экологиялық тәсілмен жүргізіледі.
Осылайша, уран өндіру жер асты-ұңғымалық шаймалау әдісімен жүргізіледі және дәстүрлі тәсілмен салыстырғанда өндірудің неғұрлым төмен құнын қамтамасыз етеді. Еңбек өндірісінің қауіпсіздігі жоғары деңгейде және компания қоршаған ортаға неғұрлым ұқыпты қарауға тырысуда.
Қазатомпромның Түркістан облысындағы еншілес ұйымы («Аппақ» ЖШС) үш жүзден астам жұмыс орнын ұсына отырып, атом өнеркәсібі саласындағы озық компаниялардың бірі болып табылады. Түркістан облысының әкімдігі мен Серіктестік арасындағы меморандумға сәйкес бос лауазымдарға іріктеу кезінде Түркістан облысының тұрғындарына басымдық беріледі. Бұл тәжірибе, ең алдымен, Түркістан аймағы тұрғындарының әл-ауқатын дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда кадрлардағы қазақстандық қамту үлесі 99,6% — ды құрайды.