ШЫМКЕНТТЕ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР ЖАЛҒАСУДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу мәселесі бойынша квазимемлекеттік сектор өкілдеріне семинар-жиындар өткізілуде.

Семинарға Департаменттің аға офицері С.Әсілбек, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі А.Ахметова, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынысты ұйымдарының комплаенс-офицерлері қатысты.

Іс-шара барысында Сәбит Әсілбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жемқорлықты болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де міндет екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, ол басты ұстаным квазимемлекеттік сектордың барлық ұйымдарында комплаенс бөлімшелерін құру және олардың тиімді қызметі екендігін атап өтті.

Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы А.Ахметова сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімді жүйесін құруға, ең алдымен ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты демеу болатындығын жеткізді. Сондай-ақ, спикер ISO 37001 стандарты және оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қалай құруға болатыны туралы толық ақпарат берді.

Жиынға қатысушылардың пайымдауынша ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес коммерциялық тұрғыдан орынды екенін түсінушілік артып келеді, өйткені жемқорлық мекеме үшін беделге және қаржылық шығындарға нұқсан келтіреді.
Ал, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар парасаттылық құндылықтарын дәріптеу жайында және комплаенс-офицерлердің бүгінгі таңда атқарылған жұмыстары туралы сөз қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және корпоративтік парасаттылықты нығайтуға бағытталған барлық ұсыныстарды Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі толық қолдайтыны атап өтілді.