ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің бизнес-форумы өтті. Оған бүкіл өңірден 200-ге жуық кәсіпкер әйел қатысты. Олардың қатарында танымал іскер ханымдар да, өз ісін енді бастаған кәсіпкерлер де болды.
Іс-шараға Түркістан облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н. Иманқұлов, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің проректоры Қ.Аралбекова, Түркістан облысы мәслихатының депутаты, «Қуаныш» ЖШС директоры И. Намазбаева, Шымкент қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Асыл Арман» компаниясының директоры А. Архабаева, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Г. Тәжібаева, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі Н.Естебеков, сондай-ақ өңірдегі бизнес қауымдастық, прокуратура және БАҚ өкілдері қатысты.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі 2015 жылы құрылған. Әйелдер бизнес-қоғамдастығына тәжірибелік қолдау көрсету мен заңдық кеңес беру жұмыстарын тегін атқарып келеді.
Форумның ашылуында Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Тулегенова мемлекет тарапынан кәсіпкерлік салаға жасалып жатқан қолдауларға тоқталды.
«Мен бүгін форумға облыс орталығынан бизнесвумен ғана емес, аудан өкілдері де келгеніне өте қуаныштымын, өйткені мұндай форум бірінші кезекте оларға қажет деп ойлаймын. Мемлекет басшысы мен ҚР «Атамекен» ҰКП қойған міндет – кәсіпкерлікті дамытуға дұрыс серпін беру. Бір кездері көптеген адамдар іскер әйелдер кеңесі осындай маңызды ұйымға айналады деп сенбеді. Бұл — үлкен жетістік», — деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
Форум барысында қатысушылар бизнесте орын алып отырған мәселелерді жан-жақты талқылады. Жан басын қаржыландыру, ауылдық жердегі кәсіпкті қаржыландыру, мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялауы секілді көптеген мәселелер қамтылды. Көтерілген мәселелер негізінде Кеңестің алдағы жұмысы бағыты анықталды. Ал облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов әйел кәсіпкерлердің облысымызда рөлінің зор екенін айтып, өз ризашылығын білдірді.
Түркістан облысы мәслихатының депутаты Г. Тәжібаева әйелдер қауымының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша атқарып жатқан жұмыстарына назар аударды.
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен барлық өңірлерде ІӘК (іскер әйелдер кеңесі) құрылғаны қуантады. Егер статистиканы алатын болсақ, онда біздің облыста мемлекет тарапынан қолдау алатын мемлекеттік бағдарламалардың әрбір үшінші қатысушысы — бизнес-ханым. Бұл әсіресе мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасына қатысты, оның аясында біздің облыста әлеуметтік нысандар салынуда. Бұл тұрғыда біз Қазақстанда көшбасшы позицияда тұрмыз. Көптеген жобаларға кәсіпкер әйелдер қатысады», — деді ол.
Түркістан қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Абуқызы өңірдегі әйелдер бизнесін дамыту туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол өңірде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның 25% — ын әйелдер басқаратынын, ал жеке кәсіпкерлер арасында үлесі 55%-ды құрайтынын, олар негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтінін атап өтті.
Бұл жиында іскер әйелдер алда болатын форумды ғана емес, сондай-ақ, бір жылға жұмыс атқарылатын жұмыс жоспарын талқылады. Бизнес-форумда өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына үлес қосқан іскер әйелдер алғыс хатпен және медальмен марапатталды.
Форум қорытындысында, өңіріміздің атақты дизайнерлерінің өз қолынан шыққан этно-үлгіде және заманауи үлгідегі туындылары таныстырылды.