Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің жиырмасыншы отырысы

Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің жиырмасыншы отырысы өтті. Отырысты Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиев жүргізіп отырды.
Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов, Қоғамдық кеңес мүшелері және салалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде маңызды 6 мәселе қаралып, тиісті басқарма басшылары баяндама жасады. Соның ішінде, 2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде қаржы басқармасы басшысы А.Тасыбаев және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Қ.Елібаев атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
​Сонымен қатар екінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов баяндама жасады.
​Өз кезегінде Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тиісті сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізіп, алдағы жұмыс барысында пікірлерді назарға алу қажеттігін айтты.
Жалпы, Қоғамдық кеңес мүшелері барлық 6 мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.