ӨМІРІҢІЗБЕН БІРГЕ ӨЗ ҚАРЖЫҢЫЗДЫ ДА САҚТАНДЫРЫҢЫЗ

Халықтың қаржылық сауаты жылдан-жылға артып келеді. Алайда олардың басым бөлігі тек өмірді сақтандырады. Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша 9 компания бар. Соның ең үлкені, 17 жылдан бері халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан, 1,3 млн-нан астам клиенті бар —  «Халық-Life» акционерлік қоғамы. «Халық-Life» АҚ-ның қызмет саны күн сайын өсіп, клиенттердің сенімімен жоғары бағаланып келе жатқан компания болып табылады! Бүгін аталған компанияның Шымкент қаласындағы филиал директоры Аралов Марат мырзамен сұхбаттасып, «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасы туралы білдік.

  • Марат Абайұлы, «Халық-Life» АҚ-ның жұмысына, кепілдігіне халық сенім артқан компания деуге болады. Осы ретте көп сұрасынқа ие болып жүрген «Халық-Қазына» бағдарламасының тиімді тұстары туралы айтып берсеңіз …
  • «Халық-Life» АҚ еліміздегі «Өмірді сақтандыру» саласында көшбасшы компания. Олай деуге негіз көп. Мәселен, біздің компания 2013, 2015 жылғы «Ұлттық бизнес рейтингісінің» сала көшбасшысы, 2019 жылы World Economic Magazine пікірі бойынша «Best Life Insuranse Company Kazakhstan», 2020 жылғы Forbes рейтингісі бойынша сала көшбасшысы, 2021 жылы International Finance «Best Life Insuranse Company Kazakhstan» жетістіктеріне жеткен. Сақтандыру бойынша нарықтағы үлесі 34%, қалған 66% басқа компанияларға тиесілі. Ал енді «Халық-Қазына» өмірді сақтандыру бағдарламасы туралы айтсам. Бірінші кезекте бұл депозиттен жақсы. Өз ақшаңызды теңгемен дәл қазіргі АҚШ долларының бағамы бойынша салып, 2-15 жыл арасында 2,5%-дан 4,2%-ға дейін сол уақыттағы бағаммен аласыз. Мысалы сіз банк депозитіне 5 жылға 100 000 АҚШ долларын салсаңыз бес жылдан соң 105 101 АҚШ долларын аласыз. Ал «Халық-Қазына» бағдарламасында 5 жылға 100 000 АҚШ долларын салсаңыз бес жылдан соң 116 209 АҚШ долларын аласыз. Сондай-ақ сақтандыру сомасының мөлшері туралы үшінші тұлғаларға мәліметтер берілмейді. Сақтандыру сомасы тәркіленуге жататын мүліктер тізіміне кірмейді, бұғатталмайды. Сақтандыру төлемдері салықтан босатылады.
  • Жақсы тұстары көп екен. Клиентке қандай пайдасы бар?
  • Иә, кез-келген клиент пайданы ойлайды. «Халық-Қазына» бағдарламасында жазатайым оқиға орын алған кезде, екі есе төлем алуға мүмкіндігі бар. Ол қаржыны келісім-шартта көрсетілген мұрагер алады. Сонымен қатар, полисті келіпге қою арқылы 22,3% мөлшерлемеде кредит алуға болады. Шарт жасасу барысында пайда алушыларды және төлем жасау мерзімін өзіңіз таңдай аласыз. Ең бастысы жинақ қаржының сақталуына кепілдік. Міне, осы сияқты клиентке пайдалы тұстары көп.
  • Марат мырза, сақтандыру үшін қандай талаптар бар?  
  • Сақтанушының жасы 18 жастан асқан болуы керек. Ал сақтандырылушының жасы 14-тен 65 жасқа дейін. Ең төмен сақтандыру жарнасы 1000 АҚШ долларынан басталады. Оны теңгемен төлей алады. Мысалы қазіргі 1 АҚШ доллар бағамы 450 теңге болса, 5 жылдан соң 1 АҚШ доллар бағамы 600 теңге болса сіз сол бағаммен қаржыңызды қайта аласыз. Сақтандыру мерзімі 2 жылдан 20 жылға дейін. Бүгінгі таңда «Халық-Life» АҚ-да «Халық-Қазына» бағдарламасының клиенттеріның саны артуда. Сол себепті өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» компаниясына сеніп, өміріңізбен бірге өз қаржыңызды да сақтандырыңыз!

Сұхбаттасқан – Баширов Дастан.

https://www.halyklife.kz/kz