ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Президент Жолдауында барлық қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін қабылдануы және іске асырылуы тиіс нақты шараларды айқындаған.
Әсіресе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуына бағытталған нақты шаралар белгіленген.
Бұл Жолдау Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауларында айтылған реформаларды нәтижелі де толыққанды іске асуына тың серпін беретін күшке айналды.
Мен осы ретте төртінші бағыт — ӨҢІРЛІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ бағытына тоқталық өтсем.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты қағидаты – мемлекеттік аппарат азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл бірінші кезекте жергілікті билікке қарата айтылып отыр.
Тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешумен дәл осы әкімдіктер айналысады. Бірақ, әрдайым осылай болып жатқан жоқ.
Түрлі деңгейдегі әкімдердің батыл әрі дербес қадам жасауға қабілеті жетпей жатады. Олар орталыққа жалтақтап жұмыс істейді.
Бұл, негізінен, әкімдердің халық алдындағы қазіргі жауаптылық деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты екенін мойындаған жөн. Олардың қызметіне баға бергенде өңір тұрғындарының пікірі ескеріле бермейді.
Сондықтан, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтайландыру керек. – деді Президент.
Бұл ретте, Мемлекет Басшысының Ұлттық Кеңес мінберінде көтерген бастамалары негізінде сәтті іске асқан саяси реформаларды атап өтуге болады. Соның нәтижесінде, қоғамда қордаланған көптеген маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-құқықтық мәселелер өз шешімін тапты. Мысалы, аудандық деңгейлегі қалалар мен ауыл әкімдерін сайлау реформасы соның айқын да жарқын дәлелі бола алады.
Сондықтан да Президент бұл бағытта қолға алынған шаралардың дұрыстығына кезекті рет тоқталып, 2024 жылы тұрғындарға аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік берілетінін атап өтті.
«Мұнымен қатар, Мемлекет басшысы, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру ісінде ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларға қолдау көрсетудің маңыздылығына назар аударып, гранттық қаржыландыру жүйесін бейімдеудің тиімді тетігін әзірлеуді тапсырды. Сөз жоқ, аталған шаралардың барлығы да саяси сауатты, демократиялық түсінігі пісіп-жетілген, әлеуметтік белсенділігі жоғары азаматтық қоғам құру жолындағы қарымды да арынды қадам деп білемін
Біз, Шымкент қаласының партия мүшелері, Жолдауда көрсетілген шараларды толық қолдаймыз және оларды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Осылайша, Президент айтқандай -«… біздің дамуымыздың шешуші кезеңі басталды және мемлекеттік аппарат бірыңғай тетік ретінде жұмыс істеуге міндетті. Тек осындай жағдайда ғана біз алға қойған мақсаттарымызға жетуді қамтамасыз етеміз.»
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Нұрғазы Бұхарбай