ШЫМКЕНТТЕ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ АЛДЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІСІ БОЛЫП ӨТТІ

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының кезекті тоғызыншы сессияға ұсынылған мәселелері бойынша бірлескен мәжілісі болып өтті. Б.Нарымбетов төрағалық еткен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі он мәселені талқылады.

Олар;

1. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебі

3. Абай ауданы әкімінің жұмысы туралы

4. Әл-Фараби ауданы әкімінің жұмысы туралы

5. Еңбекші ауданы әкімінің жұмысы туралы

6. Қаратау ауданы әкімінің жұмысы туралы

7. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы.
8. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

9. Шымкент қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы.
10. Учаскелік комиссиялардың ережесін бекіту туралы.
11. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстарының есептері туралы
Жиында баяндамашылар сөз алып, бір қатар депутаттық сауалдарға жауаптар алынды. Естеріңізге сала кетейік, күн тәртібіне қойылған мәселердің шешімі 16 қыркүйек 2021 жылы сағат 11:00 –де жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессияда қаралатын болады.