«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Бүгін, Шымкент қаласы мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы, фракция мүшесі Нұрғазы Бұхарбай, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арлаған кезекті Жолдауын талқылау;
2. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының есебі
4. Абай ауданы әкімінің жұмысы туралы
5. Әл-Фараби ауданы әкімінің жұмысы туралы
6. Еңбекші ауданы әкімінің жұмысы туралы
7. Қаратау ауданы әкімінің жұмысы туралы
8. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с шешіміне толықтыру енгізу туралы.
9. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
10. Шымкент қаласындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы.
11. Учаскелік комиссиялардың ережесін бекіту туралы.
12. Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстарының есептері туралы. Сонымен қатар отырыс барысында «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында іске асыру бойынша бекітілген Жол картасында көрсетілген орындалмай қалу қаупі бар нысандардың жұмысын мерзімінде орындау туралы тиісті басқарма басшылары мен фракция мүшелеріне тапсырмалар беріліп, ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні өтетін фракция отырысында аталған бағыт бойынша жауапты басқарма басшылары мен фракция мүшелерінің есептері тыңдалатындығы ескертілді.