ШЫМКЕНТТЕ 2-3 БАЛЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, 6 ақпан күні сағат 19:02-де жер сілкінісі тіркелген. Оның кіндік нүктесі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км жерде орналасқан.
“Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7. MPV магнитудасы 5.4. Кіндік нүктесінің координаттары 42.72°С. Е. 69.24°ш. б. тереңдігі 5 км сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша). Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілді”, — делінген баспасөз хабарламасында.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.