«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТИРИЯЛДЫҚ АЙМАҒЫНДА ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯ САЛЫНУДА

Бүгінде Шымкент қаласындағы «Бозарық» индустриялық аймағында инфрақұрылым жүргізіліп жатыр. Мердігерлер аймақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруда.
Былтырғы жылдың қыркүйегінде басталған құрылыс биылға жылға өтпелі. Мұнда қуаттылығы 16 МВА 2 дана трансформатор, 35 кВ ашық тарату жабдықтары мен 10 кВ жабық тарату жабдықтары, 35 кВ кабель желісі орнатылуда. Жобаға сәйкес, ағымдағы жылдың мамырында қуаттылығы 35/10 кВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, индустриалдық аймақта газдандыру, ауызсу және кәріз жүйелері қарқынды жүргізілуде. Кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аймақты сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.