Шымкент — Ұлы жібек жолы бойындағы ең ежелгі шаһар

«Шымкент – Қазақстандағы ең көне қала», деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаевтың сөзіне сілтеме жасап.

Оның пікірінше, 700-800 жыл емес Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы бар.
Майталман археолог өзінің бұл тұжырымын «История Шымкента» атты ғылыми еңбегінде дәлелдеп шығады. Ондағы деректер бiздiң заманымызға дейiнгi екiншi ғасыр мен Оңтүстiк Қазақстанның Ресей империясының құрамына кiргенге дейiнгi кезеңдi қамтыған. Кiтапта археологиялық және мәдени ескерткiштер, осыдан 200 жыл бұрын түсiрiлген суреттер мен Шымкенттiң көне сызбасы бар. Әрбiр көне жәдiгер зерттелiп, оған терең түсiнiк берiлген. Автор бұл деректердi Өзбекстан мен АҚШ-тың және елiмiздiң жетекшi кiтапханалары мен мұрағаттарынан жинапты.

Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының материалдары да кәдеге жараған. Тарихшы – деректанушы 629 жылы Орта Азия елдерi арқылы өткен қытай монахы Сыма Цяннiң жазбаларын зерттей отырып, Шымкенттiң ортағасырлардағы атауы Неджикет (араб тiлiнен аударғанда «жаңа қала» деген мағынаны бередi) болуы мүмкiн дегендi айтады. Мұны өзге де тарихи деректер қуаттай түседi. Мәселен, сол кездегi Ұлы жiбек жолының бойындағы гүлденген қалалардың бiрi Испиджаб (Сайрам) қақпаларының бiрi Неджикет деп аталған. Кейiннен ол «Шымкент қақпасы» деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *