Шымкент күн өткен сайын көріктеніп келеді

Сәулеттік сәні ешбір қаладан кем емес. Әдеміліктің әрін қашырмаған, ол — тазалық.  Осы бағытта 2015-2017 жылдар аралығында қала бюджетінен 175 миллион теңге қаржы қарастырылды. Тиісті мекемелер өз кезегінде аумағы кеңейіп, халық саны әлдеқайда артқан қаланың тазалығын қашанда жоғары деңгейде ұстауға  мүдделі.

«Шымкент қаласындағы еуростильдегі қоқыс алаңшаларының сапасы өте нашар болып шықты. Темірлері сынып, доңғалақтары істен шығып жатыр. Бұл біздің мекемеге қосымша шығын. Мекеме белгіленген кесте бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды күніне бір рет тазалау керек болатын. Бірақ күл-қоқыстың көптігінен, халықтың көптігінен күніне  2-3 рет қоқыс тасып жатырмыз», — дейді «Спецавтотранспорт» ЖШС қызметкері Хадиша Тәжібаева.

Абай, Еңбекші ауданын айтқанның өзінде, мұнда 300 мыңға жуық халық тұрады. Жасыл кентке жазғы уақытта келетін қонақтар легі де жоғары. Сондықтан, көпқабатты үйлерге еуроүлгідегі 1 170 қоқыс контейнері қойылған. Екіжақты келісім бойынша тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Талапқа сай атқарылған тірлікке шымкенттіктердің де көңілі тоқ.

Қала тазалығын сақтау — тиісті мекеме қызметкерлеріне ғана емес, барша қала тұрғындарына  қатысты ортақ іс. Көпшілік осыны ұмытпағаны  абзал. Шымқаламыздың шырайлана түсуі  өзімізге байланысты.

 

Дерек көзі: shymkenttv.kz      фото: Б.Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *