СЕНАТТЫҢ ВИЦЕ-СПИКЕРІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІЛМЕГЕН ТҰРҒЫН АЛАБЫН АРАЛАДЫ

👁‍🗨  

«Бадам» тұрғын үй алабының аралап көрген Бектас Бекназаров «Біздің міндетіміз – түйіні шешілмей жатқан жұмыстарды үйлестіруге көмектесу. Әрбір министрге немесе Үкімет басшысына депутаттық сауал қойып, мәселелерді жеткізіп отыру. Егер проблема созылып, өңірдің дамуы тежеліп жатса, соған жауапты министрлерді Парламентке шақырып, солардың түсінігін тыңдап, мәселенің шешу жолын қабылдау. Бұл жұмыстардың барлығы тек халық үшін», — деді Сенаттың вице-спикері.   

Бүгін ҚР Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Әбдіханұлы Шымкентке жасаған жұмыс сапары аясында сенаторлар Нұрлан Бекназаров және Айгүл Қапбаровамен бірге «Бадам» (195-орам) тұрғын үй алабының инженерлік инфрақұрылым жағдайымен танысты. Мақсат – көріп танысқан мәселелерін Үкіметке жеткізу үшін.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Бадам» тұрғын үй алабында табиғи газ, сапалы электр қуаты және ауыз сумен қамту, жол мәселелері бар. Оны шешу  үшін мемлекеттік бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Жыл соңына бұл проблемалар толығымен шешіледі деп жоспарлануда.