Н.БҰХАРБАЙ: МӘСЕЛЕ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

«Nur Otan» әрқашан халықтық партия болып келеді. Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінің тұрғындары партия тарапына мердігер компания жолды қазып, батпақтан көз ашпай қалдық. Осы мәселеге назар аударсаңыздар деген болатын.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бұхарбай мәселемен танысып, бір аптада оның өз шешімін табатынын жеткізді. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін Шымкент қаласының халқын, әсіресе, шеткі шағын аудандардың тұрғындарын толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Шалғайдағы елді мекендерді көркейту бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдары қалаға жетіспейтін 3 және 2022-2025 жылдары 8 магистралдық су құбыры салынады. Халықпен кездесіп, оларды сабырға шақырған депутат Нұрғазы Бұхарбай мердігер компания елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жол қазылғанын. Алдағы бір аптада құрылыс жұмыстары реттеліп, шағал тас төселетін айтты.

 

«NUR OTAN»– НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ!