ҚР VI СПАРТАКИАДАСЫ: ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ШЫМКЕНТ ҚҰРАМАСЫ 1-ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстан республикасының VI спартакиадасында грек-рим күресінен Шымкент қаласының құрама командасы І орынды жеңіп алды.

2023 жылдың 2-4 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының құрама комадасы 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы комадалық есепте 121 ұпаймен І орын, Жетісу облысы 98 ұпаймен 2 орын, Шығыс Қазақстан облысы 94 ұпаймен 3 орынды жеңіп алды.
Атап айтатын болсақ, 63 кг Мұхамедали Мамурбек алтын медаль, 130 кг Әлімхан Сыздықов алтын медаль. 77 кг Омар Сатаев күміс медаль, 130 кг Джохар Узаров қола медаль, 72 кг Әділхан Сатаев қола медаль, 82 кг Илимдор Сатаев қола медаль, 82 кг Шамиль Батыров қола медаль, 97 кг Ілияс Гучигов қола медаль иеленді.