ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгінде Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары басталды.

Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Мұнда үйеңкі, айлант, ясень секілді ағаш көшеттері егілді. Бұл мақсатқа 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Қазір қоқыс полигоны 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр. Бұл жұмыстар 20 сәуірде толық аяқталады.