КЕНТАУДА «ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН ЖАНДАР» МАРАПАТТАЛДЫ

Жастар — еліміздің жарқын болашағы. Мемлекеттің әрбір бағдарламасы мен жоспарында жастарды сапалы біліммен қамту, кәсіпкерлікке баулу секілді қолдаулар көрсетілуде. Нәтижесінде белсенді, еңбекқор, ізденімпаз жастар көбейіп келеді.
Бүгін Кентау қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамыту, кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете алған, ғылым, саясат, өнер азаматтарының беделін көтеру мақсатында «ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН ЖАНДАР» атты марапаттау шарасы өткізілді.
Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысып, жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғысын білдірді. Белсенді жастарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шарада Жастар ресурстық орталығымен жұмыс жүргізген әр сала бойынша 30 үздік сала қызметкерлері қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, сыйлықтар табысталды.