ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ 35 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛЕДІ

Былтырғы жылы Шымкенттің фармацевтикалық кәсіпорындары 58 миллиард теңгенің препаратын өндірді. Бүгінде елімізде шығарылатын дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі мегаполис үлесі – 35,7%-ды құрайды.

Айта кетейік, Премьер-министр Ә.Смайыловтың қатысуымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын модернизациялау» ұлттық жобасының орындалуы мен отандық фармацевтикалық өндіріс барысы талқыланды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният отандық өндіріс үлесін 2029 жылға қарай 50% — ға жеткізу бойынша қойылған Президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасын таныстырды.
6 міндет пен 39 іс-шараны іске асыруды қамтитын Жол картасын орындау мақсатында жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.