Еңбек адамы Елмуратов Баглан Дарханович

Елмуратов Баглан Дарханович 1985 жылы Сауран ауданы Майдантал ауылында дүниеге келген. 2009-2014 жылдар аралығында Шымкент университетінде білім алған. Еңбек алғашқы жұмыс бастамасын 2019 жылдан бастап қолға алды. Әкесі Елмуратов Дархан.

Халықаралық футбол ассоцияцияның  әртүрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.

Әр командада максималды 11 ойыншы, оның біреуі — қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты — матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзіліс бар.Ойын мақсаты — команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу  және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса — тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі рет) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса — матчтан кейінгі пенальти жүптары өткізіледі

Футбол ұжымдық ойын болғандықтан, команданың барлық он бір ойыншысының ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай білуі шарт деп саналады. Команданың қабыл алған ойын жүйесіне байланысты футболшылар алаңда нақты орындарда тұрады. Ойын-шылардың алаңда орналасу жүйесі әртүрлі болады, оларды таңдау командадағы ойыншылар құрамасының қалай іріктелуіне байланысты.

Футзал (Futsal) — испан тіліндегі «futbol» және «sela» сөздерінің қысқаруынан пайда болған және «жабық алаңдағы футбол» деген мағына береді. Қазіргі уақытта FIFA-ға кіретін футбол қауымдастықтардың көпшілігі қолданады.

Футзал — доппен жабық алаңда және паркетте ойналатын футбол түрі.

Бұрын футзал (futsal) және мини-футбол (FIFA Futsal) деген екі түрлі термин қолданылып келді. Футзал мен мини-футбол арасында бірнеше айырмашылықтар бар. Футзал тек жабық алаңда және паркетте ойналады, ал мини-футбол ашық газонда да ойналады.

Әлемде аталған спорт түрін екі бөлек халықаралық федерация үйлестіреді. Олар AMF және FIFA. Мини-футбол деген атаумен белігі болған спорт қазір FIFA Futsal деп аталады. ФИФА федерациясына мүше елдердің көп болуына байланысты ФИФА мен УЕФА негізгі халықаралық турнирлерлерді, атап айтқанда Әлем Чемпионаты мен Еуропа ЧемпионатыЧемпиондар лигасын ұйымдастырады.

Елімізде Қазақстан футзал ассоциациясы ұлттық чемпионатты негізгі ұйымдастырушы ұйым болып саналады. Ассоциация 19889 жылы құрылған, бірақ әртүрлі жылдары Қазақстан футбол федерациясының аясында қызмет етті. 2022 жылдан бастап қайтадан жеке ұйым ретінде әрекет ете бастады.

Ал ұлттық құрама команданы Қазақстан футбол федерациясы үйлестіреді.

Футзал XX ғасырдың 30 жылдары Уругвай елінде пайда болған. Монтевидеодағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хуан Карлос Сериани ауа-райына тәуелді емес жабық кеңістікте ойнауға болатын футболдың жаңа түрін ойлап табады.

Кейін Бразилияда futebol de salão яғни залға арналған футбол деген атаумен дами бастайды. Футзалдың дамуына себепші болған факторлардың бірі тығыз қонысталған қалаларда футбол алағдарының тапшылығы болатын. Сондықтан ойыншылар залға ауыса бастайды. 1949 жылы бразилиялық Асдрубал Ду Насименто ойынның алғашқы ережелерін жасайды. 1960 жылдары Италия, Нидерланд, Испания елдерінде футзал ойнай бастады.1965 жылы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы құрылады (Fútbol de Salón).1971 жылы ФИФА-ның болашақ президенті Джоао Авеланждың төрағалығымен Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) құрылады. 1974 жылы Ұлттық құрамалар арасындағы тұңғыш ойын өтіп, Италия Римде 9:2 есебімен Ливияны ұтты.

1982 жылы FIFUSA ұйымдастырған алғашқы әлем чемпионаты

1985 жылы ФИФА футзалды әлемдік футбол түрлеріне қосу туралы шешім қабылдайды.

1989 жылы FIFA футзалдан алғашқы әлем чемпионатын Нидерландыда 1989 жылдың 5-15 қаңтары аралығында өткіздіі. Бірінші турнирге 16 ел қатысты – Еуропадан 6 (Бельгия, Дания, Венгрия, Италия, Нидерланды, Испания), Оңтүстік Америкадан 3 (Аргентина, Бразилия және Парагвай), Африкадан 2 (Алжир және Зимбабве), Азиядан 2 (Жапония және Сауд Арабиясы), Солтүстік Америкадан 2 (Канада және Америка Құрама Штаттары) және 1 Океаниядан (Австралия). Бразилия турнирдңің финалында жеңіске жетті Нидерланды (2:1). АҚШ құрамасы қола медаль үшін матчта Бельгияны жеңді.

Футзалдан екінші әлем чемпионаты үш жыл 11 айдан кейін (1992 жылы 15-28 қараша) Гонконгта 16 қатысушының қатысуымен өтті – 6 Еуропадан (Нидерланды, Бельгия, Италия, Польша, Ресей және Испания), 3 Оңтүстік Америкадан (Бразилия, Аргентина және Парагвай), 3 Азиядан (қытай, Гонконг және Иран), Солтүстік Америкадан 2 (Коста-Рика, АҚШ), Африкадан 1 (Нигерия) және Океаниядан (Австралия). Бразилия финалда АҚШ-ты 4-1 есебімен жеңіп, титулды қорғады. Испания үшінші орын үшін матчта Иранды жеңіп, қола медаль жеңіп алды.

Үшінші Әлем чемпионаты Еуропада, Испанияда1996 жылдың 24 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында 16 команданың қатысуымен өтті – Еуропадан 6 (Бельгия, Италия, Нидерланды, Ресей, Испания және Украина), Азиядан 3 (Қытай, Иран, Малайзия), Оңтүстік Америкадан 3 (Аргентина, Бразилия және Уругвай), Солтүстік Америкадан 2 (Куба және АҚШ), Африкадан 1 (Египет) және Океаниядан 1 (Австралия). Бразилия финалда (Барселонада) турнир шеберлерін 6:4 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші атаққа ие болды. Үшінші орын Ресейге бұйырды, ол үшінші орын үшін матчта Украинаны 3-2 есебімен жеңді.

1996 жылы ФИФА футзалға арналған төрешілердің алғашқы ресми тізімін жариялады.

Орталық Америка мемлекеті Гватемала футзалдан төртінші әлем чемпионатын өткізді (2000 жылы 18 қараша – 3 желтоқсан), оған 16 команда қатысты – Еуропадан 5 (Хорватия, Нидерланды, Португалия, Испания және Ресей), Азиядан 3 (Иран, Қазақстан және Таиланд), Солтүстік Америкадан 3 (Коста-Рика, Куба және Гватемала), 3 Оңтүстік Америкадан (Аргентина, Бразилия және Уругвай), 1 Азиядан (Египет) және 1 Океаниядан (Австралия)

Гватемалада Испания Бразилияның үстемдігін бұзып, футзалдық «Селесаоның» финалда 4-3 есебімен жеңеді. Дегенмен Бразилия негізгі уақыт аяқталуға 5 минуттан аз уақыт қалғанда 3-2 есебімен алға шықты. Нәтижесінде Бразилия турнирде керемет 78 гол соқты, ал екінші орында 39 голмен Испания құрамасы тоқтады.

2005 жылы Испанияда ФИФА футзал нұсқаушыларына арналған алғашқы семинар өтті.

Қазіргі күні көптеген командалар шеткі қорғаушылар да жиі шабуылға қатысатындай 4-3-3 үлгісінде ойнайды. Мына әдіспен орналасқанда «тазалықшы» төрт қорға-ушының сырт жағында тұрып, олардың қате кеткен жерлерін жөндейді. Қақпашы шабуылдаушыға «шабуыл бұрышын» тарылтып, тосқауыл қою үшін ұмтылып келеді. Баспен қысқа пас беру арқылы әріп тесіңнің шабуылдауына көмектесесің. Қақпаны бойлай бас-пен пас жасау, қорғаушыны шатастырып, гол салатындай жағдай тудыруы мүмкін. Қорғаушылардың ойыны зоналық ойыншыларды немесе жеке ойыншыны бақылауды міндетіне алу принципіне құрылады. Бірінші жағдайда, қорғаушы алаңның «өз» бөлігіне ғана жауап береді. Жеке ойыншыны бақылағанда әр қорғаушы қарсылас команданың нақты бір ойыншысына бағытталған, тіпті, сөзбе-сөз айтқанда, оның із өкшесінен қалмайтын әрекет жасайды. Қай сызықта ойнап жүрсең де бәрібір. Бастысы, допсыз орын ауыстырудың маңызы доп сенің аяғыңда болған-дығынан еш кем емес екенін ұмытпау керек. Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі ОралАтырауАқтөбеПавлодарСемейПетропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді. Одессалықтар АлматыСемейПетропавл қалаларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, “Динамо” командасын күшейту жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті командалардан ағайынды Вячеслав пен Павел Трофимовтар, А.Вяшняков, А.Громов, Ф.ТкаченкоАқтөбеден Н.Писяуков, И.Шариков, П.Луценко шақырылды. Одессаның “Консервщик” командасының ойыншылары ағайынды Константин мен Георгий Бедрицкийлер, Н.Чернец, Г.Ананченко және П.Щербаков “Динамоның” (Алматы) құрамында ойнауға тілек білдірді. 1939 жылы динамошылар Қазақстан чемпионы әрі кубогының иегері атанды. Қазақстандықтар сол жылы КСРО кубогы жолындағы бәсекеде Киевтің динамошыларын тізе бүктірді. Келесі жылы 2004 команда қатысқан ұжымдар арасындағы кубок бәсекесінде топ жарды. Шешуші сында Таганрогтің “Торпедо” командасын 3:1 есебімен жеңген алматылық динамошылар КСРО кубогын иемденді. Қазақстан футболының атын шығарған команданың құрамындағы 8 ойыншы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Трофимов, Громов, В.Шаповалов сынды футболшылар қан майданнан оралған жоқ. Команда 1947 жылдан бастап КСРО чемпионатында “Б” класында өнер көрсетті. Республикамыздың бас командасы әр жылдары “Динамо”, “Локомотив”, “Урожай”, ал 1956 жылдан бері ”Қайрат” деп аталды.

“Қайрат” өзінің алғашқы халықаралық кездесуін 1957 жылғы 30 қазан күні Финляндияның “Ваrса” командасымен өткізді. Қайраттықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. “Қайрат” командасы КСРО чемпионатының “А” класына 1960 жылы көтерілді. Олар алғашқы матчын Ленинградтың “Адмиралтеец” командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. “Қайрат” командасының сапында Т.СегізбаевҚ.Ордабаев, С.Байшақов сынды өнер көрсеткен қазақ жастары болды. 20 ғ-дың 50-жылдары “Б” класына Қазақстан командалары көптеп өте бастады. 1958 жылы Қарағандының “Шахтер”, ал келесі жылдары Шымкенттің “Еңбек”, Өскеменнің “Восток”, Жамбылдың “Металлист”, Павлодардың “Трактор”, Ақтөбенің “Актюбинец”, Целиноградтың “Целинник”, Жезқазғанның “Еңбек” командалары әуелі “Б” класында, кейіннен “А” класында өнер көрсетті.

Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды. Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, МәскеуКиевЛенинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.

Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.

Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында ГерманияТүркияГолландияФранция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[2] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.