Еңбек адамы Амангелдиев Сухрабжан Мураджанұлы

Амангелдиев Сухрабжан Мураджанұлы 1995 жылы 30 қыркүйек күні дүниеге келген. Қазіргі таңда үстел теннисінен тренер болып жұмыс жасайды.

Осы спорт мектебіне қыркүйектің 1 нен бастап кірген. Бұдан алдын яғни 2018 жылы спорт олимпикте жұмыс  атқарған.

Шәкірттері облыста, қалада дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп жүр дейді жаттықтырушы.

Кейіпкеріміз өзінің қызығушылығымен үстел теннисінен бөлек волейбол, футбол сынды спорт түрлерінен түрлі жарыстарға барған.

Үстел теннисі – белгілі ғимарат ішінде, арнайы ойын үстелінде арнайы ракеткамен ойналатын, шапшаңдыққа бағытталған спорт түрі. Егер қарсылас арнайы допты үстелден тыс жерге асырса немесе сіздің алаңыңызға түсіре алмай допты ракеткамен торға ұрса сіз арнайы ережелер бойынша ұпай ала аласыз. Ойыншылардың бірі қателескенше шарды тез екі жаққа ұра береді. Қателескен ойыншы ұпай жоғалтады. Кәдуілгі қателер: шар тордан өтпей қалады; ойыншы шарды ракеткамен соға алмай, мүлт кетеді; соққан шары столдың қарсылас жақ бетіне тимей кетеді; шарды столға тимей тұрып соғып жібереді.

Алғашқы кезде ракеткалар ретінде жылтыр ағаштар қолданылды. Оларда қазіргі таңдағыдай қаптамалар мүлде болған жоқ. Мұндай ракеткалармен қазіргі таңдағыдай түрлі әдістердегі соққылар жасау мүмкін болған жоқ. 1903 жылы Ч. Гуд алғаш рет каучуктың борпылдақ қабатынан жасалған ракетканы ойлап тапты. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бұндай ракеткалар өте кең түрде таралып, өзге ракеткалардың бәрін қолданыстан ығыстырып шығарды. Борпылдақ каучуктан жасалған ракетка ойынды жеңіл бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар ойын техникасына да өзгерістер енді. 1950 жылдары шыққан губкалық қабатты ракеткалар ғана качук қаптамасындағы ракеткаларды жеңе алды. Губкалық ракетка Еуропада өте кең таралып кетті.

1952 жылы Бомбейде өткен чемпионатта жапониялық Хиродзи Сато губкалық ракеткамен әлем чемпионы болды. Осы жылы жапондық команда әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып, шабуылдаушы тактикаларының арқасында көптеген жүлделерді еліне алып қайтты. Олардың арасында алтын медальдар да бар. Алайда губкалық ракеткалар үстел теннисінің тартымдылығын төмендетіп жіберді. Себебі бұл ракеткамен соғылған допты қабылдау өте қиын болды. Мұндай ойында физикалық күшпен атқарылатын соққылар бірінші орынға шықты да, техникалық қабілеттіліктерді қажеттілігі шамалы болды. Үстел теннисінің кең таралуына кері әсер еткендіктен, 1959 жылы губкалық резиналы ракетканы пайдалануға тыйым салынды.

1959 жылдан бастап, губканы резинаның негізі ретінде қолдана бастады. Осының әсерінен шығарылған соққыны қабылдау мүмкіндіг артып, ойында техникалық мүмкіндіктерге жол ашылды. Ойын қарқыны да арта түсті. Жасалынатын соққының тек күшпен емес, техникамен атқарылуы ойында үлкен орын атқарды.

13-14 ғасырда ИталияФранция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген.

Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталды. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды.

Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі ГрекияЕжелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын «филд-теннис», «корт-теннис», сондай-ақ «лонг-пом» және «курт-пом» деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады. Халықаралық ірі турнир біріншілігі АустралияФранцияАнглия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады. 1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті.

ХІХ-XX әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді. Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды.

Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде. Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық олимпиада комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды.

Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті. Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, МәскеуКиевЛенинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.

Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.

Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады.

Қазақ күресі — қазақтың ұлттық күресі. Қазақ күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіреді. 2016 жылы ЮНЕСКОтолеранттылық, ізгі ниет және ынтымақтастыққа принциптеріне негізделген қауымдарды арасындағы қатынастарды нығайтуға әсерін атап өте отырып, қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізді

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.

2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында ГерманияТүркияГолландияФранция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[2] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері («Самбо»). Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Бұрын қазақша күресте жас, салмақ шектеулері ескеріле бермейтін. Қазіргі уақытта осы спорт түрінде бірыңғай спорт киімі және күрес жүргізу техникасына қатысты белгіленген белгілі бір ережелер бар. Қазақ күресінен балуанның киімі самбошы киімімен біршама ұқсас. Самбодан айырмашылығы, қазақша күресте шапан қысқа жең, иықтарында шағын жапсырмалары бар (ұстасу үшін). Кеудеше аса берік материалдан тігіледі.

Белден және белден жоғары кез келген ұстасуға рұқсат етіледі. Ұстасудың мақсаты — қарсыласының жауырынына тастау.

Қазақша күрестен шешілуі қармауыштар үшін жоғарғы дене бөлігі. Күрес тағанда жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Күртеше мен белдеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері рұқсат етілген. қолды Қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын-алу ескерту береді.

Қазақша күрес техникасы бойынша грузин (чидаоба), татар (куреш) және өзбек күресімен (кураш) ұқсас. Қазақша күрес тәсілдері самбо техникасына енгізілген. Көбіне қазақша күрес палуандары (балуандар) самбо, дзюдодан әр түрлі жарыстарға қатысады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Бұл осы ұлттық спорт түрін дамыту үшін өткізіледі. Турнир Тараз қаласында өтеді. Турнирге барша Қазақстаннан спортшылар қатысады. Ережеге сәйкес, балуандар абсолюттік салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар Тараз қаласында «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтеді. Мұнда Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Тұрақты қатысушылары Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай және Қазақстан балуандары.

Ал 2014 жылы Павлодарда алғаш рет қазақша күрестен «Әлем барысы» әлемдік турнирі өтті. Жарысқа спортшылар әлемнің түкпір-түкпірінен қатысады.