Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 16.1. MPV магнитудасы — 7,8. Эпицентр координаттары — 37,00° солтүстікке қарай — 71,12° E. Тереңдігі — 120 км», — деп жазды «СОМЭ» ЖШС.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.
дереккөз: ҚазАқпарат.