Президент бірқатар елшіні қызметінен босатты

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан елшілігінде кадрлардың ауыс-түйісі болды.

Нұрбах Рүстемов Румыниядағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды.
Лауазымынан босатылғандардың бірі — Алтай Әбибуллаев. Ол Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елші қызметтерін бірге атқарған болатын.
Бұған дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушімі болған Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елші, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл Әлібек Бақаев бұдан былай Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқаратын болды.
дереккөз: Ақорда