AMANAT: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Ғани Ташқараев Абай ауданында Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясы №4 бекетінің қызметкерлерімен кездесті.

Конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шарада халық қалаулысы референдумға қатысу әрбір азамат үшін ортақ парыз екенін жеткізді. Сондай-ақ жиынға қатысушылар қойған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Ел Президенті Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады» деген болатын.

Жиын соңында Ғ.Ташқараев азаматтарды мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен жалпыұлттық референдумды қолдауға шақырды.