«AMANAT» партиясы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы балаларды құттықтады

Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Төлеби ауданындағы “Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы” КММ балақайларымен кездесті. Партиялықтар оларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және балалар үйінің құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады.
Бұл күні қос бірдей мерекелік кешке «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов, аудандық мәслихат депутаттары Нұрдаулет Әжібаев және Исағали Аширбеков қатысты. Олар балалардың мерекелік қойылымдарын тамашалап, қуанышқа кенелтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Балаларға ерекше назар аударуымыз керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өтуі жас ұрпаққа көрсетілген құрмет пен айқын жол. Балалар — болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі. Елімізді қазір бізге көз жетпес қиялда көрінетін тың мақсаттарға жетелейтін құдіретті күш, – деп атап өтті партия төрағасы А.Үмбетәлиев.
Мекеменің 95 жылдығымен және Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған облыстық партияның төрағасы, мерекелік шарада балақайларға арнайы сый-сияпат табыстады.
Арнайы дайындалған концерттік бағдарламадан кейін депутаттар балалар үйін аралап, балақайлармен әңгімелесті. Олардың жасаған еңбектерімен танысып, мекеме жұмысына сәттілік тіледі.