АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 25 ЕЛДІ МЕКЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елдімекеннің 25-і мемлекеттік электр жарығымен қамтылған.
Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында айтты.
Спикердің сөзінше, қазіргі таңда Абай ауданының 92,7 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылған.
Сондай-ақ, Асар-2 шағын ауданының 70 пайызы, Қайнарбұлақ тұрғын алабының 24%-ы электр жарығымен қамтылған.