АБАЙ АУДАНЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРЫ 10 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.

Атап айтқанда:
1. Нұршуақ (Достық жағы) шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) шағын ауданы 2000 орындық мектеп;
3. Жаңатұрлан шағын ауданы 1200 орындық мектеп;
4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп;
5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп;
6. Достық шағын ауданы 2000 орындық мектеп.
2024-2025 жылдары 4 мектеп:
7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп;
8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу;
9. Шымкент Сити шағынауданында 2000 орындық мектеп;
10. Қайнарбұлақ шағын ауданы Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.

Ал аудан бойынша жалпы 6 мәдени нысандар туралы бар. Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет аясында 2023 жылы 23 жоба жасалатын болады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды.