ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙЕДІ
Сауран ауданында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жанданады. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, Шорнақ елді мекеніндегі Сүлейменов көшесіндегі желілік саябақта ағаш егу және суғару жұмысы жүйеленіп, көше жарықшамдары мен орындықтары, қоқыс жәшіктері орнатылады.
Шорнақ елді мекеніне кіреберісте стелла салынып жатыр. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталмақ.
Жалпы Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округке 28 252 дана ағаш егіледі деп күтілуде. Ал, Шорнақ елді мекеніндегі 6 шақырымдық Т.Сүлейменов және Шаяхметов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Алдағы уақытта көше бойларына велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, Шорнақ елді мекеніне 10 аялдама орнату және 18 көшеге 610 дана түнгі жарықшамдарын орнату жұмысы толығымен аяқталып, сәуір айында электр желісіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланып отыр.