ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Мегаполистің символына айналған қызғалдақтар бүгінде бүр жарып, қаланың көркін айшықтай түсті. Сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 млн данасы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды. Голланд қызғалдақтары әр ауданға орташа есеппен 200 мың дана егілді.

Биыл күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын көктем гүлдерінің санын 2 млн данаға жеткізу жоспары бар.