ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну –48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 94,7% құрайды. 2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% — ға арттыру көзделген.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда. Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.