ЗИЯНКЕСТІ САЯҚ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ЖАЛПЫ 1 150 ГА АЛҚАПТА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Бүгінде Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан залалсыздандыру жұмыстары жүргізуге 6 автокөлік 6 бригада жұмылдырылады.
Бүгінгі таңда жұмыстар басталып кетті, алайда ауа райына байланысты күнтізбелік кесте өзгеріп отыруы мүмкін.
Сондай-ақ, қала аумағында ауыл шаруашылығы зиянкесті саяқ шегірткеге қарсы жалпы 1 150 га алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Аталған қызметтер басталмас бұрын, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы жеке және заңды тұлғаларға қауіпсіздік шараларын сақтауды сондай-ақ залалсыздандыру жұмыстарына жауаптылықпен қараулары туралы ескертіліп, хабарландырулар жүргізілді.
Айта кетейік, залалсыздандыру жұмыстары жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандар аумағында жүргізілмейді, егер қажеттелік туындаса жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен жүргізеді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 107-бабының 1 тармақшасына сәйкес, Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.