ШЫМКЕНТТЕ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЭНЗООТИЯЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конго қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған.
Атап айтқанда, кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін болады. Зиянкес масаларға қарсы қала аумағындағы 37 өзен-каналдар, 11 саябақтар, 38 гүлзарлар мен аллеяларды дезинсекциялау және кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Кеміргіштерге қарсы 1 609 740 шаршы метр – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 шаршы метр – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылса, масаларға қарсы 1 355 200 шаршы метр өзен-каналдар, 2 481 650 шаршы метр саябақтар, 855 064 шаршы метр гүлзарлар мен аллеялар аумақтары дезинсекцияланады.
Сонымен қатар, конго қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, көктем және күз мезгілдеріндегі кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 1 950 000 шаршы метр- қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 2 046 714 шаршы метр саябақтар мен гүлзарлар, 375 750 шаршы метр – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсызданрылды.
Ал, 95 299 бас ірі қара малдарды бүрку және 88 030 бас уақ малдарды тоғыту жоспарланып отыр.