ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ

Жетісай ауданы  Ш.Ділдәбеков ауылдық округі, Бірлік мәдениет үйінде орналасқан Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылғанына 5 жыл толуына орай мерекелік іс шара өткізілді.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырлыған іс шараға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, Қазақстан Республикасының спорт шебері,Жетісай ауданының құрметті азаматы Махмуд-Бақыт Жанбырбаев, Жетісай аудандық маслихат депутаты Марат Ділдәбеков, Келес аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ержан Шымбаев, Мақтаарал аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақберген Алайдаровтар қатысып, мектеп ұжымын құттықтап өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.
Меркелік іс шараға келген қонақтарға спорт мектептің тыныс тіршілігі аясында дайындалған арнайы видо ролик түсірілімі көрсетілді.
Спорт мектептері қашанда жеңімпаз спортшыларымен мақтанады.
Бүгінде республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жас спортшыларға және жаттықтырушыларға құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс хат және сыйлықтар табысталды. Жасөспірімдер арасынан еркін күрестен бірнеше Республикалық жарыстардың жеңімпазы Алимхан Асылхан, үстел теннисінен халықаралық, республикалық ,облыстық чемпионаттардың жеңімпаздары Есімхан Орынбасар, Лесбай Ерасыл және Назир Айна, грэпплинг күресінен таяуда Азия чемпионы атанған Ерланхан Ертөре мен Азия чемпионатының қола жүлдегері Мамадияр Бибарыс марапатталды.
Жаттықтырушылардан Карашев Ерлан, Умиралиев Құрманғазы, Айдарбеков Асылхан, Әлимса Жандаулет және Аққұлы Ерсін Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталса, мектеп директоры Еркінбай Мамасериповке Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың алғыс хаты табысталды.