ЖАСТАРЫ БЕЛСЕНДІ ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ ЖАРҚЫН

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» жөніндегі Қоғамдық кеңесінің бүгінгі отырысы еліміздегі үлкен саяси оқиға – Референдум өткізу мәселесіне арналды. Жиынды аталмыш Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы жүргізіп отырды.

Отырысқа «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, Атқарушы хатшының орынбасары, фракция жетекшісі Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы, сондай-ақ, кеңес мүшелерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және партия белсенділері қатысты.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, кеңес мүшесі Джумакулова Айгерим Абдиохаповна және Жастар ресурстық орталығының КММ-сі директоры, кеңес мүшесі Исахов Мағжан Шыңғысұлы арнайы баяндама дайындап, Конституциялық реформа тақырыбына кеңінен тоқталды.

— «Елімізде саяси сауатты жастардың қатары артып келеді. Себебі кездесуге келген жастар жалпы республикалық референдумды өткізудің маңыздылығы мены қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, белсенділік танытып отыр», — Ж.Бектаева.