ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОЙЫН ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ (тәуелділік,лудомания) АЛДЫН АЛУ

Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ психологтарының ұйымдастыруымен Асықата кенті 15 колледжінде студенттермен кездесу өткізілді.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог-мамандары және “Асыл қазына және Тең қоғам” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының психологы қатысып, студенттермен ашық сұхбат жүргізді.
Лудомания – бұл құмар ойындарға қатты бейімділік пен тәуелділік. Сонымен қатар, лудомания жиі қайталанатын эпизодтар деп айтуға болады. Адам құмар ойындарға қайта қатысатын эпизодтар. Бұл тәуелділік көптеген адамдарда, әсіресе ауқатты адамдарда байқалады. Өйткені, әрқашан толқудың маниясы бар. Әрқашан бар – “мен оны қызылға қоямын және миллионер боламын”.  Нәтижесінде ойыншы бәрін біріктіреді және сынған науада қалады.
Жиын барысында психолог жастық кезеңнің адамның тұлға ретіндегі қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екендігі, бұл кезеңде жастардың жанының нәзік, уайымға, кез-келген сәтсіздікке тез берілгіш болатындығы, жеткіншектік шақта адамның қалыптасуы сана-сезімінің дамуындағы өзгеріспен анықталатындығын айтып , студенттер арасында бопсалау, ерте жүктілік пен жыныстық тиіспеушілік, суицид сынды өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында да түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындырды.
Сонымен бірге Жетісай ауданы жастарының арасында «Жастар практикасы» бағдарламасы түсіндірілді
Жастар практикасы — меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
— Жалақының бір айдағы мөлшері 103 500 теңгені құрайды (2023 жылға арналған 30 айлық есептік көрсеткіш).
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:
1) Жеке басты куәландыратын құжат
2) Еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса)
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат.
Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.