«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН»

Бүгін Кентау қаласы Қарнақ ауылы мен Сауран ауданы Жүйнек ауыл округіне шекаралас орналасқан «Қызыл жол», «Úrker» мектебінің жастарымен «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» тақырыбында іс-шара өтті.

Шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-ң Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ.Тәжібаев, Қоғамдық келісім КММ-нің Сауран аудандық филиалының маманы Н.Оспанов, аналар кеңесі мен этномәдени бірлестік мүшелері және ауыл жастары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Екі ауыл арасында достық ынтымақтастықты нығайту. Еліміздегі этнос жастары арасында ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тағам, ұлттық ойындар: бесікке салу, тұсау кесер, бауырсақ пісіру, мал сою, тоғыз құмалақ, садақ ату, қол күрес, асық ату, ұлттық мәдениетті насихаттау. Сонымен қатар, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.

 

 

19-қазан Құтқарушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балалардың көзімен» атты сурет салу өнерінен сайыста ерекше көзге түскен қатысушыларымызды Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Қуанышбаев марапаттады.Бірінші орынды 6-ә сынып оқушысы Биғали Жанерке Жандосқызы, екінші орынды 6-ә сынып оқушысы Ерғали Нұрай Сұлтанәліқызы, үшінші орынды 6-в сынып оқушысы Салибай Гулноза Алшерқызы иеленді. Сурет байқауына қатысқан барлық оқушыларымызға өрт сөндіру бөлімі атынан тәтті шоколадтар таратылды. Елімізді, жерімізді қорғайтын құтқарушы ағаларымызға алғысымыз шексіз.