Волейболдан студенттер арасында спорт лигасы өтті

2023 жылдың 3-5 сәуір аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен, Қазақстан Ұлттық студенттер спорт одағы, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен оңтүстік-шығыс дивизионында орналасқан Жоғары оқу орындарының ерлер және әйелдер командалары арасында ВОЛЕЙБОЛДАН СТУДЕНТТЕР СПОРТ ЛИГАСЫ өтті.
Жарыстың басты мақсаты – волейболшы-студенттердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, студенттер спортын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Әйелдер арасындағы тартыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ (политех), НАРХОЗ университеті, ҚазҰМУ, СДУ, ҚазҰАЗУ, КазСТА сияқты ЖОО студенттері арасында өтті.
Ал ерлер командалары арасында Азаматтық авиациялық акалемиясы , ҚазҰТЗУ (политех), ҚазҰПУ, ҚазҰАЗУ, ҚазБСҚА (КазГАСА), ҚазҰУ, СДУ, Нархоз, ҚазСТА студенттері қатысты.

Үш күнге созылған тартысты бәсеке қызықты сәттерге толы болды. Бағы мен бабы келіскен спортшылар үздік шықты. Қарсылас шақ келтірмеген Қазақ спорт және туризм академиясының волейболшы жігіттері мен қыздары топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды.
Жарыс барысында ерекше көзге түсіп, тамаша ойын көрсеткен волейболшы-студенттер арнайы номинацияларымен марапатталды.
Қыздар арасында тартыста:
1. Толғанай Исмаил – «Үздік қорғаушы» — ҚазҰҚПУ
2. Жанель Әділбек – «Үздік тосқауыл қоюшы» — СДУ
3. Алуа Лесбек – «Үздік үйлестіруші» — ҚазҰПУ
4. Жібек Ахметқали – «Үздік шабуылшы» — ҚазҰМУ
5. Мадина Орынбек – «Үздік ойыншы» — ҚазСТА
Ал ерлер арасында :
1. Ислам Ахметов – «Үздік қорғаушы» — ҚазҰПУ
2. Ертас Нұрболат – «Үздік тосқауыл қоюшы» — ҚазҰУ
3. Ибрахим Мырзағалиев – «Үздік үйлестіруші» — ҚазБСҚА
4. Дмитрий Артемьев – «Үздік шабуылшы» — ҚазҰТЗУ
5. Алинұр Нұрлан – «Үздік ойыншы» — ҚазСТА
Студенттер спорт лигасының жеңімпаздары енді Түркістан қаласында өтетін Республикалық финалдық кезеңінде кездесіп, чемпиондыққа таласады.