ТУҒАН ЖЕРГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Абзал Тұрсынбекұлы Әуелбековпен бір мектепте оқыдық. Ол менен бір сынып жоғары болды. Мектеп қабырғасынан бастап спортты жанына серік етіп, алға қойған мақсатына ұмтылып жүретін белсенді азамат ретінде танылды.
Әлі есімде, мектепті аяқтар тұста-ақ «Бір нәрсе бастау керек, кәсіппен айналысу керек» деп өз арманы мен мақсатын айтып жүретін. Сол кездегі ойы мен талпынысы бүгінде нақты нәтижеге ұласты. Теміржол саласынан еңбек жолын бастап, кейін кәсіпкерлікке бет бұрып, өндіріс пен инвестиция бағытында бірқатар жобаны жүзеге асырды. Туған жері Арыс қаласында өндіріс орындарының ашылуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына өз үлесін қосып келеді.
Меніңше, адамның азаматтық болмысы оның айтқан сөзімен емес, атқарған ісімен бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда, Абзалды жақсы білемін. Ол – бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысатын, жауапкершіліктен қашпайтын, кез келген мәселенің шешімін табуға ұмтылатын азамат.
Сондықтан Абзал Тұрсынбекұлының Арыс қаласының мәслихаты депутаты болуға ниет білдіруін толық қолдаймын. Өйткені туған қаласының тыныс-тіршілігін, тұрғындардың мұң-мұқтажын білетін, нақты іске кірісіп, нәтижеге жұмыс істей алатын азамат ретінде мәслихат қатарында болуы маңызды деп есептеймін.
Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!
Мен өз тарапымнан Абзал Әуелбековтің кандидатурасын қолдаймын және сіздерді де оның кандидатурасына қолдау білдіруге шақырамын.
Туған жердің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік. Ал сол жауапкершілікті көтеруге дайын азаматқа сенім білдіру – ортақ мүдде!
Абзалға сәттілік тілеймін! Туған жерге жасаған еңбегің еселене берсін!
Дастан Асқарұлы
